Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

Энергетика министрлігінде энергетика саласына жасанды интеллектіні енгізу жайы талқыланды

Бүгін, 17:04 018.kz

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың, Қоғамдық кеңес мүшелерінің және министрліктің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ электр станцияларының цифрлық егіздерін дамыту және оларды білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру отырыстың негізгі тақырыбы болды.

Қатысушыларға энергетика саласында жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған пилоттық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы электр беру желілеріне ақаулық диагностикасын жүргізу жобасы ұсынылды. Жоба аясында екі күн ішінде электр беру желілерінің 618 тірегі тексеріліп, 2 мыңнан астам кескін өңделіп, шамамен 6,8 мың ақау анықталды. Бұл ретте зақымдануларды тану дәлдігі 98 пайызға жетті.

Сондай-ақ акустикалық резонанс технологиясы негізінде жылу желілерінің құбырішілік роботтандырылған диагностикасы жобасы таныстырылды. Шымкент қаласында іске асырылған пилоттық жоба барысында 1,2 шақырымнан астам жылу желісі тексеріліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығын 70 пайыздан аса қысқарды.

Шара қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетика саласында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту және кең ауқымда енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив