Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекпен кездесті

Кеше, 18:19 018.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинаған түлек Әсет Альтаирмен кездесті.

Кездесу барысында министр талапкерді жоғары нәтижесімен құттықтап, бұл жетістік қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың, білімге деген ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті.

«Бұл жетістік – табандылықтың, мақсатқа адалдықтың және үздіксіз еңбектің жемісі. Сенің нәтижең мыңдаған талапкерге үлгі болады деп сенемін. Алдағы студенттік өміріңе сәттілік, таңдаған мамандығыңда биік белестерді бағындырып, еліңнің дамуына үлес қоса беруіңе тілектеспін», – деді министр.

Кездесуге Әсетті қолдау үшін оның ата-анасы да қатысты. Министр оларға баласының білім алуына жағдай жасап, әрдайым қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, талапкердің жетістігінде отбасының тәрбиесі мен қамқорлығының орны ерекше екенін атап өтті.

Әсет Альтаир ҰБТ-ға дайындық тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандығын таңдау туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да «Математика – География» пәндер комбинациясын таңдап, алғашқы мүмкіндігінде 140 балл жинады. Сонымен қатар ол «Үздік аттестат» иегері.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив