Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

ҚТЖ басшысы болып Елжас Отыншиев тағайындалды

20-07-2026, 09:21 018.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив