Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкер саны 1776-ға жетті

20-07-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы II тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 776 кәсіпкер тіркелген. I тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,2%-ға өскен.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.

Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив