Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
470.28 537.53 5.99

Фермерлерге қосымша мүмкіндік: егісті сақтандыруға өтінім қабылдау 31 шілдеге дейін ұзартылды

Бүгін, 15:23 018.kz

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту және сақтандыру қорғанымын ресімдеу үшін қосымша уақытпен қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 31 шілдеге дейін ұзартылды.

Сақтандыру шартын жасасуға өтінімді Kezekte.kz платформасы арқылы беруге болады.

Сақтандыру қорғанымы Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері үшін қолжетімді.

Сақтандыру қорғанымының кезеңі 2026 жылғы 15 тамыз бен 14 қазан аралығында әрекет етеді және егін жинау кезіндегі топырақтың артық ылғалдылығымен байланысты тәуекелдерді жабады.

Барлық рәсімдер — өтінім беру мен шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемін алуға дейін — Kezekte.kz платформасында орналастырылған Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы толығымен электронды форматта жүзеге асырылады. Шартты ресімдеу үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында аграрийлер үшін сақтандыру полисінің құны 80%-ға төмендетілді. Мемлекет сақтандыру сыйлықақысының басым бөлігін субсидиялайды, сондықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші сақтандырудың толық құнының тек 20%-ын ғана төлейді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге болашақ өнімді қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғау мүмкіндігін пайдалануды және өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін — 2026 жылғы 31 шілдеге дейін сақтандыру полисін ресімдеуді ұсынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив