Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Коммуналды қызметтердің шығынын төмендететін тұрғын үй көмегі қолға алынды

16-05-2023, 11:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік тұрғын үй көмегі аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың коммуналды қызметтерге байланысты шығындарын ішінара өтеу жолдары қарастырылып отыр.

Айталық, осы жылдың бірінші тоқсанында 372 млн теңгеден аса қаражатқа 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды. Сонымен қатар былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілді.

Осы орайда елімізде мұқтаж азаматтардың коммуналды қызметтерге жұмсалған шығындарын өтеу үлесі орта есеппен – 52,8%. Аталған тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен төленетінін, сондай-ақ оны тағайындаудың белгіленген ережелері бар екенін айта кетейік.

Жоғарыда айтылған шығынның шекті деңгейі мен тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жергілікті мәслихаттар бекітетінін ескерген жөн.

Өңірлік әкімдіктердің деректеріне сүйенсек, кейінгі 4 жылда 174 мыңнан астам азамат шамамен 5 млрд теңгедей сомаға тұрғын үй көмегіне ие болған. Осы ретте әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы (мысалы 4 адамнан тұратын отбасыны алғанда) бір адамға шаққанда шамамен 25 798 теңгені, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 192 теңгеден аспауға тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив