Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Кәсіпкерлерге арналған салық режимі қалай өзгереді?

23-07-2026, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі  туралы түсіндірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жұмаділов Еркін Жұмақанұлы мен Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Еркін Сұңғат Еркінұлы мәлімдеді.

2026 жылдан бастап бұл режимді Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады. Бұл ретте жылдық табыс мөлшері 600 000 АЕК-тен аспауы және заңнамада белгіленген тыйым салынған қызмет түрлерімен айналыспауы қажет.

- Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер салық есептілігін жарты жылда бір рет тапсырады. Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша декларация 15 тамыздан кешіктірілмей тапсырылып, есептелген салық сомасы 25 тамызға дейін төленуі тиіс, - деді Еркін Жұмаділов.

2026 жылдан бастап аталған режим бойынша негізгі салық мөлшерлемесі табыс сомасының 4 пайызын құрайды. Сонымен қатар жергілікті мәслихаттардың шешімімен бұл мөлшерлеме 2 пайызға дейін төмендетілуі немесе 6 пайызға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, жаңа режим салық есептілігін жеңілдетіп, кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив