Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.65 533.26 5.96

Қазақстан Елшісі Корея Республикасы Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін, 12:46 018.kz

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Елші А. Исенали Президент Ли Чжэ Мёнге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар достық пен өзара қолдауға негізделген қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілік расталды.

Президент Ли Чжэ Мён Елші А.Исеналиді дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және екі ел арасындағы достық қатынастар мен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив