Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Әскери оқу орындарының ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілмек

16-05-2023, 13:16 Думан Кенжеғазыұлы

Әскери білім және ғылым департаменті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.

Қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасы «Білім туралы» заңдардың 63-бабының 3-тармағына және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 14-баптың 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталмыш құжатта әскери жоғары оқу орындары жүзеге асыратын ақылы қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бөлігінде Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу көзделіп отыр.

Бұл лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне зияткерлік құқықтар беруге, мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға, запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлауға, әскери кафедралардың студенттері үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және өткізуге және т. б. қатысты.

Ақшалай қаражаттың қосымша түсімдері әскери жоғары оқу орындарының ғылыми-эксперименттік және оқу-материалдық базаларын нығайтуға бағытталатын болады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 26 мамырына дейін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14556062 сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив