Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.4 539.39 6.07

Алакөлде бір ай ішінде полиция адасып кеткен 95 баланы ата-анасына табыстады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Туристік маусым басталғаннан бері полицейлер 110 хабарлама мен шақыртуға ден қойып, түрлі жағдайларға тап болған ондаған туристке көмек көрсетті. Сондай-ақ адасып кеткен 95 бала ата-анасына аман-есен табысталды.

Қызмет барысында 1014 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіпті бұзу және жол қозғалысы қағидаларын сақтамауға қатысты болды.

Көлік құралдарын мас күйінде басқару деректері ерекше алаңдаушылық туғызады. Осы кезеңде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтап, оларды көлік басқарудан шеттетіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартты.

Полиция курорттағы қауіпсіздік тек полиция қызметкерлерінің жұмысына ғана емес, әрбір демалушының жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады. Полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстануға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив