Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.4 539.39 6.07

Республикалық жазғы сессия аясында педагогтерге арналған воркшоптар өтті

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

«Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» республикалық жазғы сессиясы аясында еліміздің барлық өңірінен келген 300 жуық педагог практикалық воркшоптарға қатысты.

Алғашқы воркшопта қатысушылар 14 пәндік топқа бөлініп, 2026–2027 оқу жылындағы негізгі және жалпы орта білім берудегі өзгерістерді талқылады. Педагогтер жетілдірілген үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін, оқу мақсаттарындағы өзгерістерді, оқу процесін жоспарлау мен әдістемелік ұсынымдарды қолдану жолдарын қарастырды.

Екінші воркшоп 16 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оның барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру тетіктері, тиімді оқыту тәсілдері, қалыптастырушы бағалау құралдары және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру процесінде пайдалану мәселелері бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Пәндік топтармен қатар мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтерге арналған арнайы алаңдар жұмыс істеді. Олар инклюзивті білім беру, «Адал азамат» бағдарламасының жаңа оқу жылындағы басымдықтары және «Жеке қауіпсіздік» курсы аясындағы нақты кейстерді талқылады.

Воркшоптар педагогтерге оқу бағдарламаларын әзірлеушілермен, тәжірибелі мұғалімдермен және сала сарапшыларымен тікелей пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы өзгерістерді мектеп тәжірибесіне енгізудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив