ҚР Көлік министрлігінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіруге арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қойылатын әдеп талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің беделін нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін адал, әділ және бейтарап орындауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық қағидаттарын ұстануы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау, пікір білдіру кезінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтауының маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару, сондай-ақ психотроптық немесе өзге де есеңгірететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны заңнамада белгіленген тәртіппен анықталған жағдайда, бұл мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет ретінде бағаланатыны және заңнамада көзделген жауаптылыққа әкелетіні ескертілді.
Іс-шара қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттырудың, мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастырудың және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екені атап өтілді.