Жолдағы қауіпті әрекет: жүргізуші мен кәмелетке толмаған жолаушының заңды өкілі жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Семей қаласындағы көпірлердің бірімен қозғалып келе жатқан Changan X5 Plus автокөлігінің жолаушысы көліктің люгінен денесін шығарып, қозғалыс кезінде телефонға өзін видеоға түсіріп тұрғаны бейнеленген жазбаны анықтады.
Полицейлер оқиғаға қатысушылардың жеке басын жедел анықтады. Көлікті басқарған Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын бұзған жолаушының 16 жаста екені белгілі болды. Оның кәмелетке толмағанына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке оның заңды өкілі тартылды.
Қауіпті сәтті оқиға куәгерлері бейнежазбаға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған.
Полиция мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салады. Көлік кенет тежелгенде, күрт бұрылғанда немесе жолда басқа да тосын жағдай туындағанда, көлік салонынан тыс жерде тұрған адам ауыр жарақат алуы немесе қаза болуы мүмкін.