Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты рәсім барысында Елші Е.Тоғжанов Өзбекстан басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Ш.Мирзиёев екі ел қатынастарының серпінді дамып келе жатқанын атап өтіп, бауырлас халықтар арасындағы тарихи достық байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дәйекті түрде нығайтудың берік негізі болып табылатынына ерекше тоқталды.
Тараптар саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілікті растады.
Тағыда оқыңыз
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыЖаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыЖаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткіздіҚазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация