Қазақстандық бизнесмендер Сианьда $100 млн экспорттық келісімшарттар жасасты
Қытай Халық Республикасы Төрағасыныңбастамасымен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары шақырылған «Қытай –Орталық Азия»саммиті қарсаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Qaztrade-мен бірлесіп Сиань қаласында бизнес үшін сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды.
Іскерлік іс-шараға 15-17 мамыр аралығында 40-тан астам қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер қатысады. Бұл май және ет өнімдерін, макарон және кондитерлік өнімдерді, бал, шарап жәнеарақ өнімдерін, кебек, шырындар және басқаларыншығаратын кәсіпорындардың өкілдері.
Қытай тарапынан бизнес-кездесуге 800-ден астам кәсіпкер, сондай-ақ Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығының, Сиань қаласының Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитетінің, Сиань қаласының Халық муниципалитетінің, Шэньси провинциясының Сыртқы істер мәселелері жөніндегі кеңсесінің, Сиань қаласының Сыртқы істер мәселелері жөніндегі кеңсесінің өкілдері келді.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев өзінің құттықтау сөзінде пандемиядан кейінгікезеңге қарамастан, Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, өткен жылы $24 млрд-тан асқанын, оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, $13,2 млрд құрағанын атап өтті.
Сол сияқты Қазақстанда Қытай тауарларына сұраныс артып келеді. Импорт көлемі 33,5%-ға өсіп,$11,0 млрд құрады.
Өсу үрдісі биыл да жалғасуда. 2023 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналымы $5,9 млрд құрады, бұл өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда ($4,6 млрд) 28,1%-ғажоғары.
Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қазақстанның ҚХР-ға экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде үлкен әлеуеті бар. Бұл салқындатылған ет, балық өнімдері, құс еті және ет өнімдері және жоғары маржиналды тауарлардың басқа түрлері.
«Қазақстандық компаниялар қытайлық тұтынушыға $1 млрд астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын», - деп еске салды вице-министр.
Өз кезегінде Сиань қаласы мэрі орынбасарының міндетін атқарушы Лу Лай Шенг қазақстандық бизнес пен мемлекеттік органдардың Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуға қосқан оң үлесін атап өтті. Ол Қазақстанның «Бір белдеу-Бір жол» бастамасын іске асыруға қатысуын жоғары бағалады.
«Осыдан он жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда сөйлеген сөзінде «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу жөнінде бастама көтеріп, маңызды сөздер айтты: «Менің туған қалам Шэньсиде, ежелгі Жібек жолының бастапқы нүктесінде орналасқан». Бүгін біз Шэньси провинциясының Сиань қаласында «Бір белдеу-Бір жол» бастамасының 10 жылдығын атап өту үшін жиналдық. Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа жетістіктерінің куәсі болу мен үшін үлкен мәртебе және мақтаныш», - деді Лу Лай Шенг.
Іскерлік алаңында қазақстандық компаниялар өздерінің экспорттық әлеуетін таныстырып, отандық өнімдердің үлгілерін ұсынды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша ҚХР-ға шамамен $100 млн сомаға құрғақ түйе сүтін, сусындар, жұмыртқа кеспесін, ІҚМ және ҰҚМ етін жеткізуге арналған экспорттық келісім шарттарға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы тағы да 4 меморандумға қол қойылды.
Сиань қаласындағы сауда миссиясы шеңберінде «KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және «Ухань Ханьоу» халықаралық логистикалық компаниясы (Wuhan Asia Europe Logistics Co.) ынтымақтастық туралы меморандумға және қол қойды.
Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.
«Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған», - деді KazakhExport-тың ҚХР-дағы өңірлік директоры Сергей Салманов.
«Ухань Ханьоу» меморандумына сәйкес қазақстандық өнімді импорттайды және оны қазақтың ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып, тақырыптық бөлімдер арқылы Хубэй провинциясы мен Қытайдың сауда желілеріндесататын болады.
Сонымен қатар, Сиань қаласына іскерлік сапар барысында қазақстандық экспорттаушылар үш күн ішінде Қытайдың өндірістік кәсіпорындарына барып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастық үшін ортақ мүдделерді анықтай алды. Бұл QazTrade-нің Қытай аумағында офлайн форматта жүргізіп жатқан пандемиядан кейінгі алғашқы сауда-экономикалық миссисы.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өңделген тауарларды экспорттауға, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade»-нің жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.