Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
475.38 547.73 5.93

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Фейсал Әл-Қахтаниді қабылдады.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АҚИҰ және «Орталық Азия – ШАМЫК» форматы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Рияд арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив