Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.14 499.54 5.46

Ақсуат ауданында футбол және ойын алаңдары ашылды

7-08-2026, 17:04 018.kz

Бүгін Ақсуат ауданының Ойшілік ауылында «Ауыл күні» мерекесі аталып өтіп жатыр. Шара аясында елді мекенде жаңа кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңы салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ел игілігіне берілуімен құттықтап, өңірдегі ауылдарды кешенді дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Заманауи спорт және ойын алаңдары осы ауылдың тумасы, «AN Groups» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қайнар Дүйсеновтің демеушілігімен салынды.

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және балалардың белсенді демалуына мүмкіндік береді.

Салтанатты шарадан кейін ауыл азаматтары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив