Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қазақстан мен Қырғызстан ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуда

12-08-2026, 18:19 018.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қырғыз қатынастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

2026 жылғы 1 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар экономикалық байланыстарды нығайтуды, көліктік өзара байланысты дамытуды, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттырумен қоса, ШЫҰ аясында практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Қырғыз Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығын қолдайтынын және оның басым бағыттарын табысты іске асыруға жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив