Алматыда инвесторлардың халықаралық форумы өтті
Азия және Тынық мұхиты аймағын дамыту институттары қауымдастығының (ADFIAP) 46-шы жыл сайынғы жиналысы.
«Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығы» атты сессиясында ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры Әлия Есдәулетова Қазақстандағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру тетіктері туралы айтып берді
Еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін не жасалды:
ҚР-да инфрақұрылымды және инвестициялық преференциялардың кең спектрін ұсынатын 14 арнайы экономикалық және 33 индустриялық аймақ жұмыс істейді
Бизнесті ашу және оны жүргізу рәсімдері жеңілдетілді
Басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатылып, заттай грант, инвестициялық несие, жұмысқа жеңілдетілген рұқсат алады
Инвесторлар жобаларды іске асыру кезінде Үкіметпен инвестициялық келісімдерге қол қойып, қолданыстағы заңнамалық шарттардың өзгермейтіндігіне кепілдік алады. Бұл тетік ірі жобаларға жеке қаражат тартуға бағытталған
Бүгінгі таңда тұрақты нормативтік құқықтық база және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұл өткен жылы бұрын-соңды болмаған тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етті - $28 млрд. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
«Сондай-ақ заңнамада тауар өндіруші кәсіпорындарға салық заңнамасының 10 жылға тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Өз кезегінде, инвестор өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға қаражат салуға (кемінде $500 млн), қазақстандық кадрларды оқытуға міндеттеледі», - деп нақтылады Ә.Есдәулетова.
МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) тетіктерін қайта жүктеу үшін тиісті Заңға түзетулер енгізілді. Енді барлық жобалар конкурстық рәсімдерден өтеді. Бұл олардың сапасын арттырады.
Жалпы, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР инвестициялық саясатының жаңа Тұжырымдамасы бекітілді, 76 елмен визасыз режим орнатылған. Инвестициялық Омбудсмен институты жұмыс істейді. Бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын және ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) басшылық қағидаттарын ілгерілету үшін Қазақстанда ҚР ҰЭМ жанынан Ұлттық байланыс орталығы құрылды.