Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Сайлау учаскелері толық дайын: азаматтардың қауіпсіз әрі қолжетімді дауыс беруіне барлық жағдай жасалды

23-08-2026, 07:36 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Курултай депутаттарын сайлауды ұйымдастыруға барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді. Бүгінде сайлаушылардың тізімі нақтыланып, сайлау учаскелері толық материалдық-техникалық қамтамасыз етілді. Бұл туралы Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жігітбаева Гүлнар мәлімдеді.

«Бүгінде сайлаушылар саны 402 408 адамды құрайды. Сайлаушылардың тізімдері тиісті актілер бойынша учаскелік сайлау комиссияларына берілді. Облыс бойынша барлығы 464 сайлау учаскесі құрылды. Оның 429-ы ашық, 35-і жабық учаске. Барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп, жұмысқа толық дайын», – деді Гүлнар Жігітбаева.

Сайлау процесін өткізуге облыстық, аумақтық және учаскелік комиссияларды қоса алғанда, барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Комиссия құрамында 3261 мүше бар. Олардың 91,01 пайызының сайлау процесін өткізу тәжірибесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта комиссия құрамында бос орын жоқ.

Сайлауды ұйымдастыру барысында азаматтардың ерекше қажеттіліктері де басты назарда. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив