Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Берік Уәли Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

23-08-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Аймақ басшысы бүгінгі сайлаудың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін жеткізіп, өңір тұрғындары азаматтық белсенділік танытатына сенім білдірді.

«Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды мүмкіндігі. Абай облысында дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалды. Ең бастысы – сайлау үдерісінің ашық, заң талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету. Өңір тұрғындары елдік мәселелерге әрдайым жауапкершілікпен қарайды. Бүгін де жерлестеріміз азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Абай облысында сайлаушылар тізіміне 402 408 азамат енгізілген. Өңірде 464 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 429-ы ашық, 35-і жабық учаске. Құрылтай депутаттары сайлауын өткізуге облыс бойынша барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 1 облыстық, 12 аумақтық және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Комиссиялар құрамында 3261 адам жұмыс істейді, олардың сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінді. Өңірдегі 458 сайлау учаскесі ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан. 429 ашық учаскенің барлығы пандустармен, 397-сі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив