Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

99 жастағы әжей дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

23-08-2026, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

23 тамыз күні Қаратөбе ауылдық округінде 99 жастағы Қарибжанова Уастай әжей Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ақ жаулықты әжей үшін дауыс беру – ел өміріне бейжай қарамай, азаматтық борышын орындаудың маңызды көрінісі. Жасына қарамастан, ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Мен еліміздің талай белесін көрген ұрпақтың өкілімін. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жарқын болашағымызды бағалаймын. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы керек», – деді 99 жастағы Уастай әжей.

Уастай әжейдің сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын көрсететін тағылымды үлгі. Оның ел болашағына деген жанашырлығы мен белсенді азаматтық ұстанымы кейінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Ғасырға жуық өмір сүрген кейуананың сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы – ел тағдырына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы қажеттігін тағы бір мәрте айшықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив