Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Армениялық халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлау барысына жоғары баға берді

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131 сайлау учаскесінің жұмысымен танысты.

Армения Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының ресми шақыруымен дауыс беру басталардан бір күн бұрын елімізге келген. Халықаралық байқаушылар сапардың алғашқы сағаттарынан бастап сайлауға дайындық барысын бақылап, сайлау учаскелерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алған.

Эрмине Арутюнянның айтуынша, Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

«Біз дауыс беруге бір күн қалғанда келдік. Кеше Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен танысуға мүмкіндік алдық. Орталық сайлау комиссиясы атқарып жатқан жұмыстың ауқымы бізге ерекше әсер етті», – деді ол.

Армениялық сарапшы Қазақстанға бұл алғашқы сапары емес екенін атап өтіп, халықаралық байқаушылардың сайлау инфрақұрылымының дайындығына ерекше назар аударғанын жеткізді. Оның айтуынша, сайлау учаскелеріндегі барлық рәсімдер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл сайлау процесінің ашық әрі жүйелі өтуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Эрмине Арутюнян дауыс беру күні азаматтардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

«Демалыс күніне қарамастан, ел тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп жатыр. Дауыс беру барысы еш кедергісіз, бірқалыпты өтуде. Бұл әрбір сайлаушыға қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді», – деді халықаралық байқаушы.

Ол сайлау учаскелеріндегі ерекше атмосфераға да тоқталып, тұрғындардың белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйін атап өтті.

Армения Орталық сайлау комиссиясының өкілі Қазақстандағы саяси реформаларға да қызығушылық танытты. Оның айтуынша, Арменияның да сайлау жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар. Сондықтан Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа тетіктердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылау халықаралық сарапшылар үшін маңызды.

«Қазіргі реформалар елдің алдағы саяси дамуының берік негізін қалайды», – деді Эрмине Арутюнян.

Халықаралық байқаушылар жоғары бағалаған бағыттардың бірі – Қазақстандағы сайлау процесінің цифрландырылу деңгейі. Сайлауға дайындық пен оны өткізу барысында заманауи технологиялық шешімдер, электронды сервистер мен инновациялық тәсілдердің қолданылуы сайлау жүйесінің ашықтығы мен технологиялық тұрғыдан жетілгенін көрсетеді.

Осылайша, Армениядан келген халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлау процесінің ұйымдастырылу деңгейіне, сайлау инфрақұрылымының дайындығына, азаматтарға жасалған жағдайға және цифрлық технологиялардың қолданылуына жоғары баға берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив