Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери полиция органдары арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы бұйрықтардың күші жойылады

18-05-2023, 13:18 Думан Кенжеғазыұлы

Әскери полиция бас басқармасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.

Шешім 2023 жылғы 14 наурызда күшіне енген «Әскери полиция органдары туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясындағы Қарулы күштер әскери полиция органдарының арнаулы көлік құралдарының тізбесін алып тастауға байланысты қабылданды. 

Осыған байланысты қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 3 шілдедегі № 377 бұйрықтарының күші жойылды деп танылады.

Аталған құжат жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 25 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14552291

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив