Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай сайлауына оң баға берді

Бүгін, 13:55 018.kz

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстанда 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына оң баға берді. Миссия сайлаудың бірқалыпты, ашық әрі ұйымдасқан жағдайда өткенін атап өтті.

Сайлауды бақылау қорытындысын ТүркПА миссиясының басшысы Осман Местен таныстырды. Оның айтуынша, миссия мүшелері Қазақстанның сайлау заңнамасын, сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеу тәртібін, сайлауалды науқанды және дауыс беру процесін ұйымдастыру мәселелерін зерделеген.

Осман Местен бұл сайлаудың Қазақстанның саяси дамуында ерекше маңызға ие екенін атап өтті. 23 тамыздағы сайлау елдің бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау болды.

Бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесінің ұйымдасқан түрде өткенін және азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалғанын айтты. Сонымен қатар жастардың белсенділігі мен халықты ақпараттандыру жұмыстарына оң баға берілді.

Миссия мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жасалған жағдайға да ерекше назар аударды. Сайлау учаскелерінде пандустар, Брайль қарпіндегі арнайы үлгілер және көру мен есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған көмекші құралдар қарастырылған.

ТүркПА өкілдері Астана мен Алматыдағы сайлау учаскелерін аралап, олардың ашылуынан бастап дауыстарды санау процесіне дейін бақылаған. Бақылаушылар Қазақстанның халықаралық байқаушылар үшін ашық болғанын және сайлау барысын бақылауға барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Миссия мүшесі Махмұт Өзер Қазақстандағы сайлаудың екі ерекшелігін атап көрсетті. Біріншісі – барлық азаматтардың дауыс беру құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік жасалуы. Екіншісі – Қазақстанның халықаралық бақылаушылар үшін ашық болуы.

Жалпы, ТүркПА бақылаушылары Қазақстандағы Құрылтай сайлауын ашық, ұйымдасқан және азаматтардың дауыс беру құқығы сақталған сайлау ретінде бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив