Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Дауыс беру ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті – «Ел Дауысы» байқаушылары

Бүгін, 15:50 018.kz

«Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауындағы қоғамдық байқау қорытындысын жариялады. Қор мәліметінше, дауыс беру ашық әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткен.

Сайлау күні қор атынан Қазақстанның 20 қаласында 582 өкіл жұмыс істеп, 457 сайлау учаскесін тұрақты бақылаумен қамтыды. Қалған өкілдер мобильді үйлестірушілер ретінде байқаушылардың жұмысын ұйымдастырып, қажет болған жағдайда учаскелерге барып, ақпаратты республикалық штабқа жеткізді.

Байқаушылар күні бойы дауыс беру тәртібінің сақталуын, сайлау рәсімдерінің орындалуын және байқаушылардың жұмысына жасалған жағдайларды бақылаған. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау процесі мен қорытынды хаттамалардың рәсімделуін де қадағалады.

Қордың республикалық штабына ықтимал кемшіліктер мен даулы жағдайлар туралы 11-ге жуық хабарлама түскен. Алдын ала тексеруден кейін олардың үшеуі расталды. Оның екеуі дауыс беру кабиналары орналасқан аумақтағы бейнебақылау камераларына қатысты болды. Байқаушылардың ескертуінен кейін камералар жабылып, мәселе дер кезінде шешілген.

Тағы бір жағдай Ақтөбедегі №25 сайлау учаскесінде тіркелді. Ол мүгедектігі бар, арбамен қозғалатын азамат үшін сайлау учаскесінің қолжетімділігіне қатысты болды.

«Ел Дауысы» өкілдерінің айтуынша, анықталған кемшіліктер елеулі сипатта болмаған және олардың дауыс беру барысы мен сайлау нәтижесіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін екені анықталмаған. Өзге учаскелерде дауыс беруге қатысты ауқымды заң бұзушылықтар тіркелмеген.

Қор жетекшісі Аида Джексенова байқаудың басты мақсаты заң бұзушылықтардың санын көбейту емес, сайлау процесінің объективті көрінісін қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, қор алдымен фактілерді тексеріп, содан кейін ғана қорытынды жасау қағидатын ұстанады.

Қордың мәліметінше, 23 тамыздағы дауыс беруден кейін 20 қаладан жұмыс және үйлестіру чаттарына көптеген хабарламалар, есептер, фото және бейнематериалдар мен құжаттар келіп түскен. Қазіргі уақытта алынған материалдарды өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, «Ел Дауысы» қоғамдық қоры дауыс берудің ашық әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткенін атап өтті. Қор 2020 жылдан бері электоралдық процестерге қоғамдық байқау жүргізіп келеді. 2026 жылғы сайлау науқаны ұйым үшін алтыншы байқау науқаны болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив