Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
457.99 534.15 5.47

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа өзгерістер

Бүгін, 09:21 018.kz

Мемлекеттік қызмет – ел дамуының маңызды тетіктерінің бірі. Оның тиімділігі мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне, кадрлық әлеуетіне және қоғамның өзгермелі талаптарына қаншалықты бейімделе алатынына тікелей байланысты.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы осы бағыттағы маңызды өзгерістерді айқындады. Заң мемлекеттік қызметке қабылдау, қызмет өткеру, кәсіби даму және кадрлық процестерді жетілдіруге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізеді.

Жаңа редакция мемлекеттік қызметке қабылдау, оны өткеру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына қатысты тәсілдерді жаңартып, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге және кадрлық процестерді одан әрі цифрландыруға басымдық берілген.

Заңдағы өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік қызметті заманауи талаптарға бейімдеу, кадрлық әлеуетті күшейту және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау.

Маңызды жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік қызметтің мақсаты мен міндеттерін нақтылау. Бұған дейін заңнама негізінен мемлекеттік қызметшілердің қызмет өткеру мәселелерін реттеуге бағытталса, енді мемлекеттік қызметтің ұлттық басымдықтарды іске асырудағы рөлі айқын көрсетіледі. Мемлекеттік қызметшіге кәсіби біліммен қатар жауапкершілік, адалдық және азаматтарға бағдарлану талаптары қойылады.

Жаңа заң азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған клиентке бағдарланған мінез-құлық моделін енгізеді. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін артық құқықтық және цифрлық кедергілерді жоюға басымдық беріледі.

Сайланбалы әкімдердің де құқықтық мәртебесі нақтыланды. Олар мемлекеттік қызметшілердің жеке санаты ретінде қарастырылады. Оларға арнайы оқыту жүргізіледі, сондай-ақ ротация, уақытша басқа органға жіберу және тәлімгерлік талаптары қолданылмайды.

Кадр саясатына да жаңа тәсілдер енгізіледі. Жас әрі талантты мамандарды мемлекеттік қызметке ерте кезеңнен тарту үшін мемлекеттік қызметке кіруге даярлау институтын енгізу көзделген.

Сонымен қатар, «Е-қызмет» жүйесі арқылы кадрларды іріктеу мен басқаруды толық цифрландыру жоспарлануда. Егер лауазым үш айдан астам уақыт бос тұрса, жүйе арқылы конкурс автоматты түрде жарияланады.

Білікті мамандарды мемлекеттік қызметте ұстап қалу үшін «Б» корпусы қызметшілеріне бір лауазым шеңберінде горизонтальды ілгерілету тетігі енгізіледі. Бұл кәсіби дамуға қосымша мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадыны сақтауға ықпал етеді.

Осы өзгерістердің барлығы кәсіби, ашық және азаматқа бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив