Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Ақсуатта көне дәуірдің құнды археологиялық мұралары табылды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақсуат-Тарбағатай өңірінде жүргізілген 2026 жылғы археологиялық зерттеулердің қорытындысы таныстырылды.

15 маусым мен 15 тамыз аралығында жүргізілген далалық жұмыстар барысында Қырықошақ, Қырықбай және Қобықтың жазығы қорымдарындағы төрт қорғанға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде өңірдің ежелгі тарихына қатысты бірқатар құнды археологиялық материалдар анықталды. Солардың ішінде аңшылық көрінісін бейнелейтін петроглиф ерекше назар аудартады. Табылған жәдігерлер Ақсуат-Тарбағатай өңірінің көне тарихы мен мәдениетін зерделеуге мүмкіндік беретін маңызды дерек көзі саналады.

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Ұлан Үмітқалиев экспедиция нәтижелерін таныстырып, жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлердің ғылыми маңызына тоқталды.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан биыл облыс әкімінің қолдауымен өңірде археологиялық қазба жұмыстары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған құнды жәдігерлерді ғылыми тұрғыдан зерделеп қана қоймай, оларды облыс жұртшылығына кеңінен таныстыру бағытында да жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте археологиялық мұраны сақтау, насихаттау және келер ұрпаққа жеткізу маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.

Жиын барысында белгілі тарихшы ғалымдар Мұхтарбек Кәрімов пен Амантай Исин де сөз сөйлеп, археологиялық зерттеулердің тарихи маңызына тоқталды. Ғалымдар өңірдегі археологиялық нысандарды жүйелі түрде зерттеудің, табылған жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізудің және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын атап өтті.

Зерттеу жұмыстары Абай облысының археологиялық мұрасын зерделеуге тың деректер қосып, өңірдің көне тарихына қатысты ғылыми түсінікті кеңейте түсті.

Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері археологиялық экспедицияның нәтижелері, табылған жәдігерлердің ерекшелігі және алдағы зерттеу жұмыстары жөнінде сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив