Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.3 538.07 5.41

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табысты өтуімен құттықтады.

Түркия Президенті аталған тарихи уақиға еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеуіне септігін тигізеді деп санайды. Бұл ретте ол парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебіз білдіргені, сондай-ақ халықаралық ұйымдар құрамындағы түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігі үшін Түрік көшбасшысына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар озық, заманауи әрі әділетті Қазақстан құруға бағытталғанына назар аударды.

Әңгімелесу барысында мызғымас достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына оң баға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызына тоқталды.

Тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақыруын ықыласпен қабыл алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив