Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Сенаторлар ТМД ПАА Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

19-05-2023, 10:38 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров, Ғауез Нұрмұхамбетов және Айгүл Қапбарова ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты.

ТМД ПАА Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Нұрлан Бекназаров әріптестерімен бірге «Мүлікті меншікке беру шарттары туралы» және «Мемлекеттік кадастрлық бағалау туралы» үлгі заң жобаларының тұжырымдамаларын қарады.

Бұл ретте, сенатор Ғауез Нұрмұхамбетов ТМД ПАА экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсынымдар мен «Платформалық жұмыспен қамту туралы» модельдік заң жобасын қарады.

Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі отырыста сенатор Айгүл Қапбарова басқа елдердің парламентшілерімен бірлесіп ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшін зияткерлік меншіктің модельдік Кодексі жобасының жаңа редакциясын әзірлеу мәселелерін талқылады, сондай-ақ мәдениет, туризм және спорт саласындағы цифрлық даму саласындағы модельдік заң шығарудың перспективалық бағыттарын қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив