Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан мен Лаос активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

8-09-2026, 12:17 018.kz

2026 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасының Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Ливонг Лаоли активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе және ақпарат алмасуға, сондай-ақ ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша өзара жәрдем көрсетуге құқықтық негіз қалыптастырады.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту заңсыз шығарылған қаражатты жедел анықтауға, іздестіруге және қайтаруға, сондай-ақ оларды шетелге шығару мен жасыруға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Меморандум халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстық істер бойынша ынтымақтастыққа жәрдем көрсетуді, консультациялар өткізуді, озық тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.

Меморандумға қол қою Қазақстанның осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолындағы кезекті қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив