Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары БАӘ Елшісін қабылдады

8-09-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар көпқырлы Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастығының практикалық мәселелерін талқылады. Саяси диалогтың оң қарқыны атап өтіліп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік білдірілді.

Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен БАӘ арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған алдағы екіжақты байланыстар мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив