Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Семейде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай турнир өтуде

9-09-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

9 қыркүйек – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай Семей қаласындағы «Әлем» спорт кешенінде ұлттық зияткерлік ойынымыздан турнир өтуде.

Басқосу тоғызқұмалақты кеңінен насихаттап, ұлттық ойынымыздың мәртебесін арттыруға және спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған. Жарысқа тоғызқұмалақтан бақ сынайтын спортшылар мен әуесқойлар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Абай облысы бойынша Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Түсіпбекұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күнімен құттықтады.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің тактикалық шеберлігі мен логикалық ойлау қабілетін ортаға салып, тартысты бәсекеге түсуде. Мұндай жарыстар ұлттық ойынды дәріптеп, жас ұрпақтың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив