Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
454.46 527.72 5.25

Олжас Бектенов пен Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan басшысы Фарух Аль Марзуки инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan (ADCB) директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Аль Марзукимен кездесті.

Abu Dhabi Commercial Bank – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі. Банк халықаралық инвестициялық деңгейдегі несиелік рейтингтерге ие.

Жиын барысында ADCB Group-тың еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысуын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде экономиканың нақты секторын дамыту және цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту айқындалды. 

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал ететін ауқымды экономикалық және институционалдық реформалардың маңыздылығы атап өтілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жаңа инвестициялық цикл іске қосылды және инвесторларды тартуға проактивті қарқын берілді.

Премьер-министр Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Соңғы 20 жылда Қазақстанға әмірліктен түскен инвестициялар көлемі $7 млрд-тан асты, оның шамамен $3 млрд-ы соңғы 2,5 жылда түсті. ADCB Group-тың БАӘ және Таяу Шығыстың басқа елдерінен инвесторлар тарту жөніндегі жұмысқа қатысуы Қазақстандағы жобаларды сырттан қаржыландыру көздерін кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Фарух Аль Марзуки Қазақстанмен энергетикалық, теміржол инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыру, мұнай химиясы, көлік және логистика салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін атап өтті. Соңғы 15 жылда ADCB Kazakhstan 100-ден астам бизнес-бастамаларға қаржылық қолдау көрсетті, оның 90%-ы ШОБ жобаларын құрайды. ADCB Kazakhstan басшысы Фарух Аль Марзуки алдағы бір жарым жылда қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін қазіргі 2,5 трлн теңгеден 3 есеге ұлғайту ниеті туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив