Абай облысында Достық үйінің директоры зейнет демалысына шықты
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің» директоры, өңірдің қоғамдық саласына еңбек сіңірген Надежда Шарованы зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы Надежда Васильевнаның өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, білім беру, мемлекеттік қызмет, ақпарат және қоғамдық келісім салаларында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткенін атап өтті.
Надежда Шаровамен әр жылдары қызметтес болған әріптестері де оның кәсіби біліктілігі мен қоғамдық бастамаларға белсенді араласқанын жеткізді.
Надежда Шарова еңбек жолын 1987 жылы Көкпекті ауылындағы Киров атындағы мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппараты бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2010-2015 жылдары «Жұлдыз» – «Новая жизнь» аудандық газетінің бас редакторы, 2015-2019 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. Кейін Семей қалалық Достық үйін басқарды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Абай облысының «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің» директоры қызметін атқарды.






