Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив ісіндегі ынтымақтастықты нығайтады

10-09-2026, 14:22 018.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің делегациясы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Қазақстанның Ұлттық архиві мен Король Әбділ Әзіз атындағы зерттеу және архив қоры ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі Атқарушы бағдарламаға қол қойды. Құжат екі ел архившілерінің тәжірибе алмасуын, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және ғылыми-ағартушылық іс-шаралар өткізуді көздейді.

Қазақстан делегациясы Сауд Арабиясының Ұлттық музейі, Король Әбділ Әзіз атындағы зерттеу және архив қоры, ұлттық кітапханалар мен Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығының жұмысымен де танысты.

Кездесулер барысында тарихи құжаттарды сақтау, оларды цифрландыру және бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар архив және кітапхана қорларымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері жөнінде тәжірибе алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив