Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

«Ұстаным» пікірталас клубының отырысында Құрылтайдың саяси жүйедегі рөлі талқыланды

11-09-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «Саяси реформалар контекстіндегі Құрылтай: қоғамдық сұраныс, сайлау қорытындылары және даму перспективалары» тақырыбында «Ұстаным» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың басшылары және жастар қатысты.

Қатысушылар Құрылтайдың қазіргі саяси жүйедегі рөлін, азаматтардың мүддесін білдірудегі маңызын және алдағы даму бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына жағдай жасау және қоғамды толғандырған мәселелерді мемлекеттік институттар деңгейінде көтеру мәселелерін сөз етті. Пікірталас барысында сарапшылар бірқатар ұсынысы мен пікірін білдірді.

Отырыс Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы бірлесіп қолға алған «Адал Азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығын ұйымдастыру» стратегиялық жобасы аясында өтті. Жоба үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, олардың елдің жалпыұлттық құндылықтарын ілгерілетуге белсенді атсалысуын көздейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив