Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Берік Уәли уәдесінде тұрып, Қарамырза жолын жөндетіп жатыр

11-09-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Былтыр 11 маусымда «Абай Ақпарат» редакциясы «Канонерка – Қарамырза» бағытындағы жолдың жағдайын көтерген болатын. Мәселе аймақ басшысы Берік Уәлидің назарына жетіп, 2025 жылы 5 шілдеде облыс әкімі жол учаскесіне арнайы барып, жағдайды өз көзімен көрді.

Тұрғындардың уәжі орынды екенін айтқан аймақ басшысы бірден тиісті басқарма басшысына жолды жөндеу қажеттігін айтып, оны шешуге уәде берген болатын.

Бүгінде сол уәде орындалып, Канонерка мен Қарамырза ауылының арасындағы жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы жауапты мамандарға жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Бұл жолға негізінен Қарамырза ауылының тұрғындары көбірек тәуелді. Бұдан бөлек елді мекендегі орман шаруашылығында тұқымбағы бар. Онда істейтін тұрғындардың бір бөлігі Канонеркадан қатынайды. Сондықтан бұл жол екі бірдей ауылдың мәселесін шешіп отыр. Жолдың жөнделуін халық көптен күтіп жүр. Сондықтан биыл қаражат бөлініп, 8 шақырымы жасалып жатыр. Ең бастысы, сапалы жасап, мерзімінде аяқтау қажет», – деді Берік Уәли.

Бесқарағай ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 578 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдардың 223,4 шақырымына орташа жөндеу жүргізу қажет. Биыл су құбыры желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін орталық көшелерді қалпына келтіру мақсатында екі ауылдық округке 34 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауылішілік жолдарды қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қарамырзалықтар аудан орталығына құмды жолмен қатынап келген. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив