Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Сарапшылар отбасы құндылықтарының өзгеруі мен ұрпақтар сабақтастығы тақырыбын талқылады

11-09-2026, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Отбасы күніне орай «Дәуірлер тоғысындағы отбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиынды Қазақстандық қоғамдық даму институты өткізді.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарының өзгеруі, дәстүрлі неке мен шаңырақ құрудың ерекшеліктері туралы айтылды. Сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы, отбасындағы міндеттер мен рөлдердің өзгеруі, жанұяда дәстүрді сақтау және отбасындағы құндылықтарды бүгінгі қоғамның өзгерістеріне сай бейімдеу мәселелері талқыланды.

Кездесуде зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың пікірлері негізінде отбасы берекесін арттыру және мемлекеттік отбасы саясатын одан әрі жетілдіру жолдары да қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив