Абай облысында ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Думан Серікұлы Ешенғазин тағайындалды.
Думан Серікұлы 1993 жылы 29 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2018 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін гуманитарлық ғылымдар магистрі бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2017 жылы «Семей қаласының №7 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімінен бастады. Әр жылдары ШҚО «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, сектор меңгерушісі, Абай облысы қоғамдық даму басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Бұл тағайындауға дейін Абай облысы ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.