Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 72% - ға өсіп, 4 438 млн құрады
Ағымдағы жылдың 15 мамырында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Батыр Атдаевтың төрағалығымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді.
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты сауда қарқынды өсуді көрсетіп отыр, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 72% – ға өсіп, 4 438 млн құрады (2021 жылдың қорытындысы бойынша - $254 млн).
Түрікменстан нарығы қазақстандық өңделген өнімнің экспорты үшін үлкен қызығушылық тудырады, осы мақсатта түрікмен тарапына "KazakhExport" ЭСК" АҚ мен Түрікменстан банктері арасында тығыз ынтымақтастық орнату ұсынылды.
Сондай-ақ, Роман Скляр Түрікмен-Ауған шекарасындағы астық терминалы бойынша жобаны жедел іске асыруға мүдделілігін атап өтті.
Екі ел үшін көлік-транзит саласы зор әлеуетке ие.
Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамыту және теміржол қатынасы саласында икемді бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыты газ саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша табиғи газ транзитін үздіксіз жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Түрікмен табиғи және сұйытылған мұнай газын сатып алуға мүдделі.