Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысында алғаш рет «Студенттік көктем — 2023» байқауы өтті

20-05-2023, 11:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғамдық даму басқармасының «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық байқауға жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру мекемелері қатысты. 

Байқау 5 кезеңнен тұрды: 

• «Үздік оқу орны» бейнероликтер байқауы; 

• Стритболдан оқу орындары арасында сайыс; 

• Студенттер арасында квиз ойындары; 

• Кибер спорттан турнир; 

• Заманауи көше би батлы; 

Ертіс жағалауында өткен қорытынды гала концертке Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қатысып, белсенді қатысқан және жүлделі орын алған оқу орындарын марапаттады. 

1 орын — Шәкәрім университеті (300 мың теңге); 

2 орын — Геологиялық барлау колледжі (200 мың теңге); 

3 орын — Семей медицина университеті (150 мың теңге);

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив