Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

МҚІА төрағасы HR саласындағы шетел сарапшысымен кездесті

21-05-2023, 11:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Меритократия. Адалдық. Инновация» атты халықаралық конференция аясында HR саласындағы сарапшы, Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігінің бұрынғы министрі, Американдық Мемлекеттік басқару қоғамының халықаралық директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының мүшесі Пан Сук Киммен кездесті.

МҚІА төрағасы Агенттік жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған жұмыс барысымен бөлісті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі HR-ды одан әрі дамыту, мемлекеттік қызметшілерді дайындау және оқыту мәселелері талқыланды. Шетелдік сарапшы Корея Республикасындағы персоналды басқару тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда бұл бағытта жасалып жатқан қадамдарға оң баға берді.

Бұдан басқа, Пан Сук Ким мырза Агенттік төрағасын келесі жылы Американдық Мемлекеттік басқару қоғамының жыл сайынғы халықаралық форумына мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибемен таныстыру үшін шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив