Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Қазақстан мен Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute, GGGI) жасыл экономика саласындағы әріптестікті нығайту үшін келісімге қол қойды

Бүгін, 15:50 018.kz

2026 жылғы 21 қыркүйекте Сеул қаласында Қазақстан Республикасы мен Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute, GGGI) Қазақстан Республикасындағы ұйымның мәртебесі туралы келісімге (Host Country Agreement) қол қойды.

GGGI 55 мүше мемлекетті біріктіреді және 57-ден астам елде бағдарламаларды іске асырады. Қазақстан 2022 жылдан бері GGGI мүшесі болып табылады.

Қол қойылған Келісім GGGI-дің Қазақстандағы құқықтық мәртебесін айқындайды және ұйымның ел аумағында тікелей жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл Қазақстанның мемлекеттік институттарына көрсетілетін қолдауды кеңейтуге, нақты жобаларды неғұрлым жүйелі түрде дайындауға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін қолдау және нақты экономикалық әрі экологиялық нәтижелерге қол жеткізу үшін сараптаманы, технологиялар мен инвестицияларды тарту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив