Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
445.65 508.71 5.3

Қазақстан мен Ұлыбритания экология және климат саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Бүгін, 14:22 018.kz

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. С. Қуантыров Біріккен Корольдіктің Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, Біріккен Корольдіктің Әзірбайжан және Орталық Азия бойынша сауда өкілі Лорд Джон Томас Алдердайспен кездесу өткізді.

Тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Климаттың өзгеруіне бейімделуге, су ресурстарын басқаруға, ауыл шаруашылығының тұрақтылығына және экстремалды ауа-райының әсерін азайтуға ерекше назар аударылады. Қазақстан Климаттық дипломатия, Климаттық қаржыландыру және климаттық тәуекелдерді басқару саласындағы Британдық тәжірибемен алмасуға қызығушылық білдірді.

Энергетикалық ауысу, климаттық қаржыландыру және көміртегі нарығын дамыту саласындағы жобаларды іске асыруға британдық компаниялар мен қаржы институттарын тарту перспективалары жеке қаралды. Қазақстан сондай-ақ Париж келісімінің 6-бабын іске асыру және көміртегі бірліктерін верификациялау мәселелері бойынша ынтымақтастыққа мүдделі.

Тараптар Қазақстанның тозған жерлерді қалпына келтіруге, қорғаныш орман екпелерін құруға және шөлейттену, құрғақшылық және трансшекаралық шаң дауылдарының салдарын азайтуға бағытталған «Орталық Азияның Жасыл қалқаны» бастамасын талқылады.

Қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізуді және жеке инвестицияларды тартуды қоса алғанда, циркулярлық экономика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалық бағыт болып айқындалды.

Кездесу соңында қазақстандық тарап Британдық ұйымдармен, инвесторлармен және қаржы институттарымен практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы, атап айтқанда «Алтын Дала» жобасы аясындағы ынтымақтастықтың оң тәжірибесі атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар Астана қаласында ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған алдағы Қазақстан-британ комиссиясының жұмысы туралы мәселені талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив