Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ БА жоғары деңгейдегі аптасының екінші күні аясында бірқатар келіссөздер жүргізді

Бүгін, 14:59 018.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының жоғары деңгейдегі аптасы іс-шараларына қатысудың екінші күнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Канада Сыртқы істер министрі Анита Ананд, Иордания Хашимит Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Айман Сафади, Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Сполярич және Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Игнацио Кассиспен кездесулер өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты жандандыру және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы өзекті халықаралық күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бейілділігін білдірді.

Қазақстан көпжақты диалогты дамыту мен серіктестік байланыстарды нығайтуға ерекше мән бере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының іс-шараларына белсенді қатысуын жалғастыруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив