Жұлдыз Сүлейменова мен Наталья Бочарова білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.
Халықаралық орыс тілі ұйымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылып, ТМД аясында қызмет етеді. Оның қызметі қатысушы мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Наталья Бочарова Ұйым жұмысының басым бағыттары туралы ақпарат берді. Тараптар білім беру саласындағы өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Тағыда оқыңыз
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледіЖаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледіҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды