Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады

Кеше, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға  адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив