Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Қазақстан мен Малави екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне қадам басты

28-09-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Малавидің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Джордж Тапатула Чапонданың кездесуі өтті.

Кездесуде министрлер Қазақстан Республикасы мен Малави Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды. Осылайша, екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар ресми түрде орнатылды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылап, саяси диалогты нығайтуға, сондай-ақ практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Сонымен қатар, тараптар тау-кен өнеркәсібі, цифрландыру, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Аталған бағыттар бойынша екі елдің сыртқы істер ведомстволары, компаниялары мен білім беру мекемелері арасында тікелей байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірілді.

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласында қазақстандық бидайды Малавиге жеткізу, сондай-ақ Малави өнімдерін, оның ішінде шай, кофе және макадамия жаңғағын Қазақстан нарығына шығару мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив