Курчатовта су, жол және тұрғын үй мәселелерін шешуге басымдық беріледі
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Курчатов қаласы тұрғындарымен кездесіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайын баяндап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Кездесуде Курчатов қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауыз сумен қамту, жылу желілері, жолдардың жағдайы және тұрғын үй мәселелері сөз болды.
Курчатовтағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 98,9 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 87 пайызы тозған. Осыған байланысты қаланың бір шағын ауданын сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оны іске асыруға қажетті қаражатты келер жылғы бюджетте қарастыру жоспарланып отыр.
Жол мәселесі де қала тұрғындары үшін өзекті. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Былтыр Курчатов қаласының 42 шақырым көшесін қайта жаңғырту басталған болатын. Жобаны аяқтау үшін келесі жылдың бюджетіне 585,2 млн теңге қарастыру жоспарланған.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Қазір Курчатовта 349 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 24 адам – көпбалалы отбасылар санатында. Алдағы уақытта қала үшін 53 жалдамалы пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қаланың энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жоба қарастырылуда. Атап айтқанда, қуаты 700 МВт көмірмен жұмыс істейтін конденсациялық электр станциясын салу жоспарланған. Жобаның құны – 759 млрд теңге. Нысан іске қосылған жағдайда 400 жұмыс орны ашылады.
Бұдан бөлек, көмірді терең өңдеп, аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салу жобасы да жоспарланған. Инвестициялық жобаның құны – 162,6 млрд теңге. Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Кездесуде Курчатов қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауыз сумен қамту, жылу желілері, жолдардың жағдайы және тұрғын үй мәселелері айтылды.
Курчатовтағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 98,9 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 87 пайызы тозған. Осыған байланысты қаланың бір шағын ауданын сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оны іске асыруға қажетті қаражатты келер жылғы бюджетте қарастыру жоспарланып отыр.
Жол мәселесі де қашан да өзекті. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Былтыр Курчатов қаласының 42 шақырым көшесін қайта жаңғырту басталған болатын. Жобаны аяқтау үшін келесі жылдың бюджетіне 585,2 млн теңге қарастыру жоспарланып отыр.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жалғасын табуда. Қазір Курчатовта 349 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 24 адам – көпбалалы отбасылар санатында. Алдағы уақытта қала үшін 53 жалдамалы пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қаланың энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жоба қарастырылуда. Атап айтқанда, қуаты 700 МВт көмірмен жұмыс істейтін конденсациялық электр станциясын салу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 759 млрд теңге. Нысан іске қосылған жағдайда 400 жұмыс орны ашылады.
Бұдан бөлек, көмірді терең өңдеп, аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салу жобасы да жоспарланды. Инвестициялық жобаның құны – 162,6 млрд теңге. Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.